Алматы облысында өңір тұрғындарына азаматтық және қылмыстық құқық саласындағы заңгерлер, адвокаттар мен нотариустар кеңес беріп жатыр. Аймақтағы қала және аудан әкімдіктерінің, заңгерлері, басқарма басшылары, ауыл, кент әкімдері осы жобаға белсенді қатысып жатыр.
Мамандар кеңесіне жүгінген жұртшылықтың басым көпшілігін тұрғын-үйге қатысты, әлеуметтік сала, оның ішінде жер, салық, жеңілдік пен несие алусынды тақырыптар толғандырады екен.
Мысал ретінде, Қонаев қаласында азаматтардықабылдау барысында өңір кәсіпкерлеріне Заңкөмегі көрсетілді. Қабылдау кезінде, «Алтай» фирмасы» ЖШС басшысы жүгініп, Жетісу облысының «Жетісу» ӘКК құқықтық өріс шеңберінде кедергілер көрсетілген болатын. Осының аясында, аталған ауыл шаруашылық кәсіпкеріне тиісті көмек көрсетіліп, шарттық міндеттемелердің мерзімін ұзарту бойынша және өңірдің ірі сауда желілеріне маңызды ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуге мүмкіншілік берілді.
Осындай жағдайларды болдырмау үшін болашақта Алматы облысының әкімдігі мен «Жетісу» ӘКК кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау үшін мобильді топ құру туралы шешім қабылдады.
Тәжірибе көрсеткендей, көптеген қазақстандықтар өз құқықтарының бұзылуына тап болып, өз проблемаларын шешу үшін кімге, қандай мемлекеттік органдарға жүгіну керектігін жиі білмейтіннің жетерлік, осыған байланысты өңірде «Адал көмек» жобасы алдағы уақытта өз жұмысын жалғастыратын болады.