Белгілі болғандай, Алматы облысы әлем бойынша 97 елмен сауда ынтымақтастығын жүргізеді. 2022 жылдың 7 айында облыстың экспорт айналымы – 179,9 млн АҚШ долларын құрады.
Бұдан бөлек, 6 500-ге жуық жұмыс орнын құра отырып, шетелдік инвесторлардың қатысуымен 1,3 млрд, АҚШ доллары сомасына шамамен 19 жоба жүзеге асырылып жатыр.
«Алматы облысы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы экономикалық қатынастардың қазіргі жағдайы жаңа бірлескен жобаларды іске асыру бойынша үлкен мүмкіндіктер ашады.
Бүгінгі күні логистика, туризм, ауыл шаруашылығы, жаңартылатын энергия көздері, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру және фармацевтика сынды экономиканың салалары өңірді дамытудың басым бағыттары. ҚР оңтүстік-шығысында орналасқан облыстың ҚХР – мен жалпы шекарасы 300 км-ден астам және «Ұлы Жібек жолы» өтетін Республиканың төрт облысының бірі, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық маңызы бар автомобиль дәлізі. Елдің ең ірі мегаполисі – Алматы қаласының айналасында агломерация құрылып жатыр, онда негізгі өнеркәсіп пен халық шоғырланған.
Облыстың трансконтиненталдық дәліз жолында тиімді көліктік-логистикалық орналасуы өңірге 183 млн.адам әлеуеті бар Еуразиялық экономикалық одақ нарықтарына қол жеткізуге мүмкіндік береді және көліктік логистиканы дамыту басымдығын айқындайды», – деп атап өтті өз сөзінде Марат Сұлтанғазиев.
Телекөпірді қорытындылай келе, облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев пен ШҰАА Халық үкіметінің төрағасы Еркін Тунияз Шыңжаң өңірімен бауырластық байланыс орнату ниеті туралы хаттамаға қол қойды.