«Қала бойынша екі нүктеде халықтан гуманитарлық көмек жиналып жатыр: бірі — «AMANAT» партиясының ғимаратында, екіншісі — Жастар орталығының кеңсесінде. Ал ақшалай көмек арнайы қайырымдылық қорының есепшотына түсіп жатыр. Жиналған қаржы жөнінде есеп беріледі», — деді Диляра Қабдоллина.
Оның айтуынша, облыс аумағындағы аудан, ауылдардан көмек ертең Іле ауданының орталығы Өтеген батырға жеткізіледі. Жиналған заттарды жүк көлігіне тиеп, ары қарай жөнелтіледі.
Қазіргі таңда жинау пункттеріне адамдар тез бұзылмайтын азық-түлік, химиялық тазалағыш заттар, киім-кешектер әкеліп жатыр. Сондай-ақ Қонаев қаласының маңындағы пэноплекс шығаратын зауыт Қостанай облысына құрылыс материалын жібереді.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қонаев қаласындағы гуманитарлық көмек жиналатын пункттің мекенжайын жазған болатынбыз.