«Тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткен 39 адам ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Ал осы заңның 73-бабына сәйкес азаматтардың 1311 шағымы (2021 жылы — 724) қаралды», — дейді ПД өкілі.
1311 шағымды қарастыру нәтижесінде:
- 435 азамат әкімшілік қамауға алынды;
- 298 азаматқа ескерту жасалды;
- қос тараптың татуласуына байланысты 578 сот ісі тоқтатылды.
«2022 жылдың алғашқы 7 айында 45 қылмыс тіркелді. Бұл қылмыстық істерді зерттеу нәтижесінде 31-і ішімдікке сылқия мас болған кезде жасалғаны белгілі болды», — деді өз баяндамасында ПД өкілі.
ПД өкілінің ақпаратында қарағанда, жыл басынан бері Алматы қаласындағы ана мен бала құқығын қорғайтын орталыққа 30 әйел, 91 бала жеткізілген.