«Елде құны 100 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлік иелерінің саны 720 адам, оларға жалпы алғанда 610 млн теңге мүлік салығы есептелді», – деді ведомстводан.
Мұндай меншік иелерінің негізгі бөлігі Республикалық маңызы бар қалаларда және Астанада – 649 адам немесе 90,1% тұрады.
2021 жылы 3,8 млн жеке тұлғаның мүлік салығының сомасы 15,3 млрд теңгені құрады. «Азаматтарға арналған үкімет» ұсынған бағалау құнына сәйкес салық төлеушілердің негізгі саны 3 млн адам – құны 4 млн теңгеге дейінгі мүліктің иелері болып табылады.
Қазір жеке тұлғалардың мүлік салығы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ айқындайтын құнға байланысты мөлшерлемелердің прогрессивті шкаласы белгіленді.
Қазақстанда 2023 жылы жаңа Салық кодексі дайындалады. Салық реформасы аясында «сән-салтанат салығын» енгізу жоспарланып отыр.