Ұлы даланың басты құндылықтарының бірі – адамдардың бір-біріне жанашырлық танытып, өзара көмек көрсетуі қоғамды айрандай ұйытып, бір ел, бір халыққа біріктірген. Сол себепті «Қайырымдылық» күні қазіргі қазақ қоғамының басты құндылықтары болып отыр. Наурыздың бір күнін осы тақырыпқа арнау өскелең ұрпақ тәрбиесінде өз ізін қалдаратыны сөзсіз.
Қай амалмен қайырлы іс қылсақ та игілікке, жақсылыққа бағытталғаны жөн.
Жақсылықты жар салмай-ақ жасау керек дейді, десек те, көпшілікке үлгі болу мақсатында жариялап келеміз. Ендеше, жақсылық жаршысы болып, қайырлы іс қылудан шаршамайық!