Ал үй жануарларының басқа түрлерін, яғни егеуқұйрық, хомяк немесе мини-пигтерді есепке алу ерікті негізде жүргізіледі.
Қазақстандықтар үшін электрондық жүйеге жануарлары туралы ақпаратты енгізу – тегін. Дегенмен чип тағу үшін мысық пен ит иелері өз қалтасынан ақша төлеуі тиіс. Оны өтеуге мүмкіндігі жоқ әлеуметтік осал топтағы азаматтарға қызмет түрі тегін болмақ.
Еnergyprom.kz порталының ақпаратына сай, еліміздің ірі қалаларында мысықтар мен иттерге чип тағу қызметінің бағасы 3,5-8 мың теңге аралығында.