Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға Ескелді ауданында болған.
«Алдабергенов ауылының жанындағы автожолда Toyota Prado мен Toyota Camry соқтығысқан. Оқиға орнында жеңіл автокөлікті басқарған 47 жастағы ер адам қаза тапты», — делінген хабарламада..
Жол талғамайтын көлік жүргізушісі жолаушысымен бірге аудандық ауруханаға ауыр дене жарақаттарымен жеткізілді.
«Өлімге әкеп соқтырған апаттың мән-жайы анықталып жатыр», — делінген хабарламада.





