Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

ҰҚК арнайы операция жүргізіп, криптоақша айырбастау орнын анықтады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткімен айналысатын топтардың қылмыстық жолмен келген қаржыларын "тазарту" мақсатында қолданатын криптоалаңды анықтау және бейтараптандыру бойынша алғашқы арнайы операциясын жүргізді, деп хабарлайды Alataunews.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

11.10.2022
Арнайы жоба

ҰҚК баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, операция 2022 жылғы қаңтарда Қазақстан, Өзбекстан мен Ресейдің «есірткі нарығын» психотроптық заттармен қамтамасыз етіп отырған жасырын есірткі лабораториясын жоюдан басталды.

Ведомсвто өкілдерінің ақпараты бойынша, заңсыз айналымнан есірткінің рекордтық партиясы – 188 келі «мефедрон» алынды.

Мұнан соң арнайы қызмет қылмыстық капиталды Қазақстаннан тыс шығару мен оны «тазарту» схемаларын анықтау бойынша шараларды қолға алды.

«Ақша аударымдары қаржылық айналымда қажетті деңгейде айқындалмаған криптовалютада жүргізілгені қиындық тудырғанын атап өту қажет», — деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

ҰҚК қылмыстық тізбектің барлық қатысушыларын анықтау арқылы, «биткойндарды» қолма-қол ақшаға айналдыратын криптоақша айырбастау орнын тапты.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, бұл ұйым Алматыдағы әртүрлі ақша айырбастау орындарының қызметкерлері арқылы ақшаны қолма-қол беріп отырғаны белгілі болды.

Нәтижесінде қылмыстық схеманы ұйымдастырушы мен оның жақтастары ұсталды.

Мемлекет кірісіне қылмыстық топтардың іс-әрекетінен тапқан криптовалютадағы 68 млн теңге қаржысы өткізілді.

Тегтер: ҰҚК

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қонаевта кәріз тазарту жүйесінің құрылысы жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz