Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Үштөбеде әскерилер өртеніп жатқан үйден бір отбасыны құтқарып қалды

Әскерилер Үштөбе тұрғындарын өрттен құтқарды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінен хабарланды.

01.02.2023
Арнайы жоба
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Ведомство мәліметінше, оқиға 20 қаңтарда болған. Әскери қызметшілердің ержүрек қимылы туралы мәлімет бүгін ғана Жетісу облысы Қаратал ауданының төтенше жағдайлар қызметі өкілдерінің әскери бөлім қолбасшылығына келіп түскен хатынан белгілі болған. Онда олар өрт кезінде шешуші қадам жасап, ерлік көрсеткен әскери қызметшілерге алғыс білдірген.

«Қарулы күштердің Әуе қорғанысы күштеріне қарасты 55078 әскери бөлімінің әскери қызметшілері кіші сержант Дәурен Жәнібеков, қатардағы жауынгерлер Әлібек Шадетов, Ілияс Низамбек, Рауан Ақкемпіров және Наурыз Қарабеков жанып жатқан үйден екі баласы бар әйел мен ерлі-зайыпты қарт кісілерді алып шықты. Төтенше жағдай кезінде әскерилер Момышұлы көшесіндегі үйдің жанынан өтіп бара жатқан. Осы сәтте жеке ғимаратта газ баллонының жарылуы салдарынан өрт болды. Кіші сержант Дәурен Жәнібеков, қатардағы жауынгерлер Рауан Ақкемпіров пен Наурыз Қарабеков отқа оранған үйден екі жас бала мен әйелді және ерлі-зайыпты қарт кісілерді қауіпсіз жерге алып шығады», — делінген хабарламада.

Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Осы уақытта қатардағы жауынгерлер Әлібек Шәдетов пен Ілияс Низамбек өз өмірлерін қатерге тіге отырып, баллонды сыртқа алып шығып, болуы ықтимал жарылыстың алдын алған.

Бұдан кейін қатардағы жауынгер Әлібек Шәдетов зардап шеккендерді автокөлікпен орталық аудандық ауруханаға жедел жеткізді. Қалған әскери қызметшілер өрт сөндіру бригадасы келгенге дейін тілсіз жауды ауыздықтап, өртті оқшаулап үлгереді.

«Адамдардың қиыншылыққа тап болғанын көріп, өлім қаупі бар екенін түсінгендіктен біз басқаша әрекет ете алмадық. Сын сәтте қызмет барысы мен жаттығуларда алған дағдыларымыз іске қосылды», – дейді қатардағы жауынгер Әлібек Шадетов.

55078 әскери бөлімінің әскери қызметшілері өрт болған отбасының қайғысына бей-жай қарамай, тұрғын үйді қалпына келтіруге қолдан келгенше көмек көрсетуді ұйғарып отыр. Бөлім қолбасшылығы ерекше көзге түскен жауынгерлерді наградаларға ұсынған.

Тегтер: Жетісу облысыөртҮштөбе

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов проверил готовность системы раннего обнаружения лесных пожаров и оснащенность «Семей орманы»

Николай Иващенко
09.04.2026

В окрестности Конаева пожарные тушат возгорание камыша

Николай Иващенко
09.04.2026

В Казахстане могут принять закон об амнистии до конца июня

Николай Иващенко
09.04.2026

После землетрясения были проверены все русла рек и гидротехнические сооружения Алматинской области

Николай Иващенко
09.04.2026

В Алматинской области стартовал конкурс «Тайқазан – 2026»

Николай Иващенко
09.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz