Оқиға 31 желтоқсанда сағат 19:20-да болған. «ВАЗ 2114» автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі Абай көшесімен Б. Момышұлы даңғылына қарай жүріп бара жатып, жаяу жүргіншілер өткелінде төрт адамды қағып кеткен.
«Апат салдарынан 54 жастағы жаяу жүргінші медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған дерек полицияда тіркелді және тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады», — деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Қалған үш адам медициналық көмектен бас тартқан.