ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 7 қаңтарда сағат 7:30-да аудандық маңызы бар «Алтай-Богатырево» тас жолының 36 және 37 шақырымдарында жалпы көлемі 3 500 текше метр қар көшкіні түсті.
«Сондай-ақ, сағат 9:50-де «Алтай-Путинцево» тас жолының учаскесінде көлемі 3 700 текше метр көшкін жүрген. Бірден аталған жолдар жабылды. Көшкіннен зардап шеккендер мен қираған ғимараттар болған жоқ. Қазіргі уақытта жолды тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр», – делінген ақпаратта.