«Іздеу жұмыстарына Кеген ауданы және Ұйғыр ауданының ТЖБ және 7 техника, сондай-ақ аудандық полиция, кинологтар, барлығы 60 адам жұмылдырылды», — деді ведомоство.
Туристер 8 қазан күні туристік агенттік гидінің басшылығымен Алматы қаласынан шарын шатқалына жетіп, әрі қарай гидпен бірге жаяу жолға шыққан.
Түні бойы жүргізілген жұмыс нәтиже бермегендіктен, таңертең тікұшақпен іздеу жоспарланған болатын.
Жоғалған туристер 10 қазан күні сағат 08:30-да табылып, қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Медициналық көмектің қажеті болмаған.