Қайғылы оқиғадан 4 адам қаза тауып, 25 тұрғын түрлі жарақат алған. Оның 8-і хәл үстінде жатыр. Тағы алты адам із-түзсіз жоғалғандардың қатарында. 17 пәтер қирады. Шамамен 100-ге жуық тұрғын эвакуацияланып, уақытша баспанаға орналастырылды.
Ал ұшақ құлаған тұрғын үйде өрт шыққан. Ресейдің қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, ұшақ оқу-жаттығу кезінде апатқа ұшырады. Екі экипаж мүшесі уақытылы ұшақтан секіріп үлгерген. Мамандардың айтуынша, ұшақтың қозғалтқышы істен шыққан.
Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Елдің тергеу комитеті апаттың мән-жайын анықтап жатыр. Айта кетейік, 90 мың халқы бар Ейске қаласында Ресейдің ірі әскери базасы орналасқан.