Өңірде мал ұрлығы фактілерін ашумен айналысатын криминалдық және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері қатарынан арнайы топ құрылды.
Ұсталғандар малды жайылымнан ұрлап, көлігіне тиеп, жасырынғаны анықталды. Олар тек түнде әрекет етіп, із қалдырмауға тырысқан. Ұсталған кезде олардың көлігінде сиырдың мүшелері табылды.
Полиция ҚР ҚК 188-1-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады (мал ұрлығы), ұсталғандар ӘТҚ-ға қамалды, олардың мал ұрлығының басқа фактілеріне қатысы бар-жоғына қатысты жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.