Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қонаев қаласында Gas Gun Competition PRS (снайпинг) дисциплинасы бойынша Алматы облысының кубогі өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026
Аймақ, Арнайы жоба, Жаңалықтар

Жарыс бағдарламасы әртүрлі қашықтықта және түрлі позициялардан ату жаттығуларын қамтыды. Турнирге Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік күзет қызметі, Қорғаныс министрлігінің Арнайы операциялар күштері, Ұлттық ұлан бөлімшелерінің мергендері, сондай-ақ әуесқой атқыштар қатысты. Сайыс төрт бағыт бойынша ұйымдастырылды.

Қатысушылар дәлдікті, атыс дағдыларының тұрақтылығын, шектеулі уақытта жұмыс істеу қабілетін, қашықтықты жылдам бағалау және әртүрлі жағдайда оқ ату бағытын түзету шеберлігін тексеруге бағытталған практикалық жаттығулар кешенін орындады. Сынға түскен мергендер жоғары техникалық дайындық пен заманауи дәл ату әдістерін меңгергенін көрсетті.

Нәтижесінде «жартылай автоматты карабин» класында жүлделі орындардың барлығын Қорғаныс министрлігінің Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшілері иеленді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жарыстар әскери қызметшілер мен күштік құрылым өкілдерінің кәсіби шеберлігін арттыруға, сондай-ақ кәсіби және азаматтық атқыштар қауымдастығы арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz