«Аурухана ұжымы Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Сарышаған кентінде жол апатынан қаза тапқан дәрігерлердің отбасы мен жақындарына көңіл айтады. Бұл жол-көлік оқиғасының салдарынан отоларинголог-дәрігер Виктория Кенжеханова мен офтальмолог-дәрігер Бақыт Қыстаубаева қаза тапты және 8 медицина қызметкері зардап шекті», — деп жазылған қалалық аурухананың Instagram парақшасында.
Естеріңізге сала кетсек, «Жезқазған медициналық орталығы» емханасының дәрігерлері «Қазақмыс» компаниясының жұмысшыларын профилактикалық тексеруден өткізіп, қайтып келе жатқанда жол апатына түскен.
Оқиға орынында 4 адам қаза болды. Аталған жайтқа байланысты ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов марқұмдардың отбасына көңіл айтып, Премьер-Министр кеңсесіне Үкіметтің таяудағы отырыстарының бірінің күн тәртібіне жолдағы қауіпсіздік мәселесін енгізуді тапсырды.