Қайғылы жайт бүгін 10 тамыз күні сағат 8:15 шамасында орын алды. Жол апаты «Шевроле» маркалы автокөліктің 21 жастағы жүргізушісінің қателігінен болған. Ол «Алматы-Астана» автожолымен келе жатып, жолдың қарсы бетіне өтіп кеткен. Нәтижесінде «Ниссан» автокөлігімен соқтығысқан.
«Ниссан» автокөлігінің 41 жастағы жүргізушісі сол жерде алған жарақаттарынан қайтыс болды, сондай-ақ «Шевроле» маркалы автокөліктің жүргізушісі де зардап шеккен.
«Бұл факт ҚР ҚК 345-бабы бойынша Қарасай ауданының ЕҚДБ-да тіркелген. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Барлық қажетті сараптамалық тексерулер тағайындалды», — деп мәлімдеді облыстық ПД баспасөз қызметі.