Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Полицейлер Үштөбеде жоғалған жасөспірімді тауып, үйіне қайтарды

7 қарашаға қараған түні Қаратал ауданының полиция бөліміне Үштөбе қаласының тұрғыны із-түссіз жоғалған 17 жастағы ұлын іздестіруге көмек сұрап, жүгінді.

14.11.2022
Арнайы жоба

Тергеуші Арман Әлімжанов сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап, тергеу жоспарын құрды, полиция бөлімшелеріне іздестіру бойынша бағыт-бағдар мен нұсқаулар жолдады. Кәмелетке толмаған баланы іздеуге полиция қызметкерлері мектеп мұғалімдері мен еріктілерді жұмылдырды. Бірлескен күшпен іздеуде жүрген жасөспірімнің болуы мүмкін жерлері толық тексерілді.

Талдықорған қаласында Нұрәліні бейнебақылау камераларының бірі түсіріп алған. Нәтижесінде Талдықорған және Алматы қалаларында іздестіру шараларын ұйымдастыратын бірнеше іздеу топтары құрылды. Кәмелетке толмаған балаға бағыт-бағдар әлеуметтік желілерге жарияланып, көрші облыстардың полиция бөлімшелеріне жолданды.

Жасөспірімді іздестіру соңғы бес тәулік бойы тоқтатылған жоқ.

Алматы қаласына жіберілген Қаратал аудандық полициясының учаскелік инспекторлары Айбар Ошақбай пен Нұржан Дәлібаев әріптестерінің көмегімен кәмелетке толмаған баланы анықтап, Үштөбе қаласына алып келді.

Нұрәлі үйіне оралды, қазір жақындарының жанында. Ата-анасы баласын іздеудегі табандылығы үшін тәртіп сақшыларына үлкен алғысын білдірді.

Тегтер: Жетісу облысыҮштөбе

Соңғы жаңалықтар

Наурыздағы ҰБТ қорытындысы шықты: ең жоғары балл — 140

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Алматы облысында бір жылда 44 жаңа медициналық нысан ашылды

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Қонаевта қамыс өртеніп жатыр: оқиға орнына құтқарушылар жетті

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Қазақстанда 2026 жылы әскери парад өтпейді

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Алматы облысында «Тайқазан – 2026» кәсіби шеберлік фестивалі басталды

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz