«8 желтоқсан күні сағат 3:18-де 101 пультіне Павлодар қаласы, Торайғыров көшесі, 1 мекенжайында орналасқан «Сарыарқа» қонақ үйінің бірінші қабатынан түтін шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Нысаннан 220 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 10 бала бар», — деді Павлодар қаласы төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Ренат Валишанов.
Осы өрттен бір адам зардап шекті. Алдын ала болжам бойынша, ол жанған заттардың түтінінен уланған. 1969 жылы туған ер адам Павлодар қалалық бірінші ауруханаға жеткізілді. Тілсіз жау сағат 3:59-да оқшауланып, сағат 4:06-да толық сөндірілді.
Жалын қонақ үйдің жертөлесінде басталған. Үй заттары мен жиһаздар жанған. Өрт жалпы ауданы 8 шаршы метр жерді шарпыды.