Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Мароккода зілзала құрбандарының саны 1 мың адамнан асты

Мароккода 7,0 магнитудасымен болған жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 1037 адамға жетті, тағы 721-і зардап шекті. Мұндай мәліметті Корольдіктің Ішкі істер министрлігі келтірді. Alataunews.kz бұл туралы Анадолыға сілтеме жасап хабарлайды.

10.09.2023
Арнайы жоба

9 қыркүйекке қараған түні Марракеште 7 балл қуатымен болған зілзала, кейінгі жүздеген жылда алғаш тіркеліп отыр. Марракеш пен Агадирде ғимараттар қирады.

Марокконың әскери қызметшілері, жергілікті әкімшіліктер, қауіпсіздік күштері мен азаматтық қорғау жасақтары іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр, апат аймағына гуманитарлық көмек жеткізу үшін барлық күш-жігер жұмылдырылды.

Марокколық БАҚ-тың мәліметінше, жерасты дүмпуі Рабатта, сондай-ақ Касабланка, Мекнес, Агадир және Фес сынды қалаларда сезілді.

Марокконың Ұлттық геофизика институтының хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Марракештегі Эль-Хауз ауданында орналасты. Тереңдігі – 8 шақырым. Тербелістер эпицентрден 400 км радиуста сезілді.

Қуатты дүмпуден кейін жүздеген афтершок тіркелді, магнитудасы ең үлкені – 6,0.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Марокко Королі VI Мұхаммедке көңіл айту жеделхатын жолдады.

Тегтер: жер дүмпуіМарокко

Соңғы жаңалықтар

Стандарты служебной этики государственных служащих

Николай Иващенко
20.03.2026

Добраться на аэротакси из Алатау до Алматы можно будет за 10 минут – Бозумбаев

Николай Иващенко
20.03.2026

Алатау — город будущего: ряд мировых компаний планируют запустить свои проекты в новом городе

Николай Иващенко
20.03.2026

ИИ-лекции и открытые встречи прошли по всей стране в рамках Digital Nauryz

Николай Иващенко
20.03.2026

Молодежный форум прошел в Талгарском районе

Николай Иващенко
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz