Көптеген ғимарат қирандыға айналды. Елдің кейбір өңірлерінде жарық өшіп, сумен жабдықтау желісі де істен шыққан деген де мәлімет берілді.
Жер асты дүмпулері Рабат қаласынан бастап елдің оңтүстігіндегі Сиди-Ифни қаласына дейін сезілді.
Al-Arabiya басылымының хабарлауынша, 296 адам қаза тапты. 30-дан астам ғимарат қираған. Ауруханалар адамдарға толып кеткен.
Жер сілкінісінің ошағы Марракеш қаласынан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 70 шақырымда орналасқан. Қала тұрғындары зілзала тағы қайталанады деп қауіптенеді. Сол себептен үйлерін тастап кетті, – делінген хабарламада.
Зардап шеккендер мен құрбандардың нақты саны әлі белгісіз.