Оңтүстік Киву өңірінің губернаторы 401 адам опат болғанын атап өтті. Бұл елдегі ең жойқын табиғи апат болды. Алайда жүздеген адам із-түссіз жоғалып кеткенін ескерсек, қаза болғандар бұдан да көп болуы мүмкін. БҰҰ-ның мәліметінше, 3 мыңдай адам баспанасыз қалды.
Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Тропикалық климат белдеуінде орналасқан Конго Демократиялық Республикасында жаңбыр маусымы кезінде қайғылы жағдайлар жиі болады.