«Өкінішке қарай, бүгін полицейлер мен басқа да арнайы қызмет өкілдері іздестіріліп жатқан полицей, Зеренді полиция бөлімі бастығының орынбасары Тұрар Дүйсембиннің денесін тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, мәйіт элеватор аймағындағы Қылшақты өзенінен табылған», — делінген жазбада.
Бейнекамералар оның жүрген жерін 21 маусымға қараған түні тіркеген. Бұл аймақ 2 күн бойы қаралған, өзеннен де іздестірілгені айтылды.
Ақмола облысының Полиция департаменті мәліметінше, алғашқы тексеру кезінде зорлық-зомбылықпен өлім белгілері анықталмаған. Сараптама тағайындалғаны айтылды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.