Кенияның батысында жол апатынан кем дегенде 49 адам қаза тапқанын көлік министрі Кипчумба Муркомен хабарлаған.
Қайғылы оқиға жұма күні кешке болды. Жүк көлігінің жүргізушісі бос емес қиылыста көлікті басқара алмай, сегіз көлікті, бірнеше мотоциклді қағып кетті, сонымен қатар көптеген адамды жол жиегіне ысырған.
Куәгерлердің айтуынша, көлік жоғары жылдамдықпен қозғалған және қауіпті маневр жасаған. Оның жүргізушісіне не болғаны әлі белгісіз.
Кения президенті Уильям Руто өзінің Twitter парақшасында қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.
«Қаза тапқандардың арасында жарқын болашағы бар жастар мен күнделікті міндеттерін орындайтын саудагерлер болғаны өкінішті», — деп жазды ол.