Сол маңда адам көп болған, дегенмен қайтыс болған жігіттің әкесі бәрі қас-қағым сәтте болғанын, қандай да бір көмек қолын созуға уақыт болмағанын айтады. Оқиға 20 секундта болған. Алып балық оның баласын судың астына алып кеткен.
Көп ұзамай жағажай күзеті акуланы қолға түсірген, дегенмен Қызыл теңізде шомылуға әлі де рұқсат жоқ.
Қайтыс болған жігіт – 1999 жылы туған Ресей Федерациясының азаматы. Ол биыл ғана Египетке қоныс аударған.
Жігіттің әкесі баласын Мысырда кремация жасап, күлін Ресейге апаруды жоспарлап отыр.