Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 қазан күні Атырау қалалық полиция бөлімінің 102 операторына облыстық ауруханадан кеудесіне оқ тиген 21 жастағы ер адамның мәйіті жеткізілгені туралы хабарланған.
Тергеп-тексеру нәтижесінде «Атырау-2» мөлтек ауданында бір топ жігіт арасында өзара келіспеушілік болғаны анықталды. Қақтығысқа қатыстқан барлық азаматтар анықталып, ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201 бабына сәйкес жариялауға жатпайды.





