ТАСС хабарлауынша, оқиға куәгерлері бортында туристер отырған тікұшақтың ұшып бара жатып электр сымына оратылып қалғанын айтады.
«Алтай Авиа» компаниясының Ми-8 тікұшағы Усть-Көксі ауданы Тұңғыр ауылына қонған кезде электр сымдарына соғылып құлаған. Артынша бірден өртеніп кеткен. Тікұшақ бортында 13 адам болған – оның алтауы оқиға орнында қаза тапты, тағы жетеуі жарақат алды», — делінген хабарламада.