ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «СТӘЭ» ЖШС мамандарының айтуынша, жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында болған.
• Жер сілкінісінің энергетикалық класы: 10,0;
• MPV магнитудасы: 4,6.
• Эпицентр координаттары: 40,93° с.е., 73,16° ш.б.;
• Тереңдігі: 10 км.
Осыдан 3 күн бұрын сейсмологтар Алматыдан 250 шақырым жерде магнитудасы 4,7 болатын жер сілкінісін тіркеген еді. Жер сілкінісінің ошағы Қытай мен Қырғызстан шекарасында болғаны анықталған.