Honda және Yamaha мотоцикліндегілер Халиуллин көшесі бойымен бір-біріне қарсы бағытта жүріп келе жатқан.
Yamaha мотоциклінің жүргізушісінің айтуынша, Honda-дағы ер адам күтпеген жерден қарсы жолаққа шығып кетіп, бір бүйіріне қисая құлаған.
Апат салдарынан Honda-дағы ер адам дәрігерлер келгенше оқиға орнында көз жұмды. Полицейлер ер адамның өлімінің себебін анықтауға кірісті.