Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Алматыда үшем дүниеге келді

Алматыда экстракорпоральды ұрықтандыру арқылы үшем дүниеге келді. Жаркенттен келген жас отбасы екі қыз бен бір ұлдың ата-анасы атанды. Бұл туралы Медициналық сақтандыру қоры Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Alataunews.kz.

26.09.2022
Арнайы жоба

29 жастағы Гунчигүл жұбайы екеуі — бірнеше жылдан бері бір перзентке зар болған отбасылардың бірі. Айтуынша, мұндай бақытқа кенелем деп ешқашан ойламапты.

«Тұрмыс құрғалы бері 4 жыл бойы бала көтере алмадым. Бармаған жерім, баспаған тауым қалған жоқ. Ем-дом еш нәтиже бермеген соң ана болудан тіпті күдерімді үзе бастадым», — деп еске алады ол.

Айтуынша, дәрігерлер денсаулығына байланысты оған «бедеулік» деген диагноз қойған. Бірақ жақсылықтан үміт үзбей, білікті дәрігер іздеуді тоқтатпаған.

Сөйтіп Алматыдағы Репродуктивті медицина орталығына келген.

«Сол кезде ЭКО-ны міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы жасатуға болатынын естіп, қатты қуандым. Себебі ЭКО өте қымбат, оны екінің бірінің қалтасы көтере бермейді. Бұл мен үшін де ақырғы мүмкіндік болды. Сол себепті емханадағы дәрігерге барып кезекке тұрып, қарала бастадым. Әлбетте, мен сияқтылар өте көп, сондықтан кезек күтуге тура келді. Мен шыдамдылық танытып, күттім. Соңында үлкен бақытқа кенелдік. Өмірге екі қыз, бір ұл бала әкелдім», — дейді үшемнің анасы.

Естеріңізге сала кетсек, бағасы қымбат қызметтердің бірі — экстракорпоральды ұрықтандыру 2020 жылдан бері қарай міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы қаржыландырылып келеді.

2022 жылдың бірінші жартысында осындай 1304 жұп ЭКО жасатқан. Оған сақтандыру есебінен 1,3 млрд теңге бөлінді.

Тегтер: жаркентүшем

Соңғы жаңалықтар

Наурыздағы ҰБТ қорытындысы шықты: ең жоғары балл — 140

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Алматы облысында бір жылда 44 жаңа медициналық нысан ашылды

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Қонаевта қамыс өртеніп жатыр: оқиға орнына құтқарушылар жетті

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Қазақстанда 2026 жылы әскери парад өтпейді

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Алматы облысында «Тайқазан – 2026» кәсіби шеберлік фестивалі басталды

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz