Алматы полиция департаментінің айтуынша, оқиға таңғы сағат 07:10-да болған.
Әуезов ауданында «Кiа» көлігінің 24 жастағы жүргізушісі Ж. Шаляпин көшесімен батыс бағытта келе жатып, жол бойында келе жатқан троллейбус жүргізушісін қағып кеткен. Қоғамдық көлік жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды.
«Жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», — деп хабарлайды Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.