Жол апаты бүгін сағат 14:20 шамасында Жандосов көшесі бойында болды. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментінің Анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов хабарлады.
«Yutong» маркалы автобустың жүргізушісі Жандосов көшесімен батыс бағытта келе жатып, ара қашықтықты сақтамау салдарынан алда келе жатқан троллейбусты соғады. Жол апаты салдарынан автобус жолаушысы 2002 жылы туған қыз дене жарақатын алды. Ол медициналық көмекке жүгінді», — деді Олжас Шәріпов.
Оқиғаның мән-жайын Әуезов аудандық полиция басқармасы анықтайды.





