Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бүгін сағат 09:47-де Әуезов ауданында орналасқан сауда орталықтарының біріне жарылғыш заттың қойылғаны туралы хабарлама түсті.
«Аталған нысанға қаланың шұғыл және жедел қызметтері барды. Алғашқы әрекет ету шарасы аясында сауда үйінің қызметкерлері мен келушілері эвакуацияланды. Шараға сондай-ақ сапер бөлімшелері қатысты», — деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Комиссиялық тексеріс сағат 11:30-да аяқталды. Жарылғыш зат табылған жоқ. Анонимді түрде хабар таратқан тұлға анықталып жатыр. Ол ары қарай жауапқа тартылатын болады.