Куәгерлердің айтуынша, Lada granta батыс бағытта Байзақ батыр көшесімен келе жатқан. Бірақ Әшімов көшесімен қиылыста «Жол бер» деген белгіні байқамай, жолға шығып кеткен.
Осы сәтте Әшімов көшесімен оңтүстік бағытта Hyundai Sonata келе жатқан. Жүргізуші жедел әрекет ете алмай, Lada-ның бүйіріне соғылған. Қатты соққыдан Lada бордюрге ұшып, жаяу жүргіншіні қағып кетті, артынша өзі жарық бағанасына соғылды.
Жаяу жүргінші – 2004 жылғы жігіт оқиға орнында көз жұмды. Hyundai жүргізушісі мен жолаушы зардап шекті.