Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, 19 шілдеге қараған түні «Fitness Blitz» клубының фитнес жаттықтырушысы Дамир Төребаевты өз пәтерінде атып кеткен.
Белгілі болғандай, қылмыс болған кезде ер адам мас болған.
Аталған оқиғаға қатысты пікір білдірген қалалық полиция департаменті қазіргі кезде тергеу жұмысы жүріп жатқанын мәлімдеді.
«Наурызбай аудандық ПБ-мен қылмыстық іс тіркеліп, ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес тергеу жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада.
Қазіргі кезде қылмысты ашу мақсатында тергеу жедел тобы құрылды.
«Күдіктілер анықталып, оларды ұстау шаралары жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, Т. есімді азамат пен оның танысының арасында жанжал болған», — делінген ПД хабарламасында.