Оқиға 14 қаңтарда түнгі сағат 10:00 шамасында болған. Жәбірленушінің айтуынша, бұл тапсырыспен жасалған қиянат. Өйткені қаскөйлер не істегендерін айтып, телефон арқылы біреуге есеп беріп отырған.
«Бәлкім, біреу оны дәстүрлі емес бағыты бар адам деп ойлаған шығар, осылайша кек алған болуы мүмкін. Неліктен біз бұл тапсырыс деп санаймыз, өйткені орындаушылар үнемі біреуге қоңырау шалып, не болып жатқанын хабарлады. Сондай-ақ жәбірленушіге шариғат нормалары бойынша өмір сүру керек, мұсылмандарды ұятқа қалдырдың» деп тиіскен», — деп мәлімдеді Немолчи.кз.
Жәбірленушінің айтуынша, қылмыс алдын-ала жоспарланған. Зорлаған үш адамның бірі оны үйіне алдап шақырып алған. Алайда үйге белгісіз тағы екеу келген. Үшеуі жабылып, ұрып-соғып зорлап, 500 000 теңге талап еткен.
Қоғамдық ұйымның айтуынша, бұл — еркектен зорлық көрген ер адамдардан түскен төртінші факт.
«Бұл дерек ҚР ҚК-нің 121-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Осы қылмысты ашу мақсатында тергеу-жедел тобы құрылды. Қылмыстың мән-жайы мен орны анықталды. Күдіктілер ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұсталғандар 2001 және 2003 жылы туғандар. Олардың Алматыда тұрақты жұмысы жоқ», – дейді Әуезов аудандық полиция Басқармасының бастығы полиция подполковнигі Ұлан Әбілқайыр.
Сондай-ақ, полицияда, қылмыстық іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалғанын айтты.