Жол-көлік оқиғасы Қонаев қаласына кіреберісте орын алған.
Куәгерлердің айтуынша, Киа маркалы көліктің жүргізушісі Лада көлігін жол жиегіне қарай ығыстырған. Сол мезетте Лада көлігі Киа автомашинасының артқы жағынан қағып, екі көлік те жол жиегіне шығып кеткен. Көліктің бірі ағаштың діңгегіне соғылған.
ПД маманының сөзінше, аталған іс ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабына сай тіркеледі.