Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Алматы облысының үш тұрғыны 9 көлік ұрлығына қатысты деген күдікпен ұсталды

Алматыда Mazda көліктерін ұрлап жүрген Қарасай ауданының тұрғындары ұсталды, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі

18.10.2022
Арнайы жоба

Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатовтың мәліметінше, ұрылар Mazda автокөліктерін ұрлауға маманданған.

Қазіргі уақытта анықталғандай, 23 жастағы Қарақалпақстан тумасы мен оның 22 және 28 жастағы екі сыбайласының мойнында көлік ұрлау бойынша 9 дерек бар.

«Көлік ұрлағандарды әшкерелеу және ұстау іс-шарасын патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен бірлесіп жүргіздік. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер 23 жастағы Я. есімді азамат, оның сыбайласы 22 жастағы туған К. есімді азамат және ұрланған көліктерді сатып алушы 28 жастағы Д. есімді азамат ұсталды. Олар бұрын сотталмаған», – деді Қуатбек Науатов.

Қылмыскерлер өз кінәларын бірден мойындады. Тергеу іс-шаралары барысында 4 көлік табылды. Олар айғақты зат ретінде қылмыстық іске қосылды, ал қалғандары қайта сатылған немесе қосалқы бөлшектерге бөлшектелген.

Ұрланған көліктердің тұрған жерін анықтау бойынша іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында қылмыскерлер қамауға алынды.

Тегтер: көлікұрлық

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қонаевта кәріз тазарту жүйесінің құрылысы жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz