Оқиға 7 ақпанда Жамбыл ауданы Үңгіртас ауылының маңында Алматы-Бішкек автожолының 82-шақырымында болған. Жол апаты кезінде 8 көлік соқтығысқан.
«Апат салдарынан «Mercedes» жеңіл көлігінің 34 жастағы жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Ұзынағаш ауылының ауруханасына 1958, 1978 және 1984 жылғы үш адам жеткізілді, олардың екеуі автобус жолаушысы», — делінген хабарламада.
Дерекке қатысты Жамбыл ауданы ПБ-да ҚР ҚК-ның 345-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді.