Алдын ала мәлімет бойынша жол-көлік оқиғасынан 4 бала, 2 ересек адам көз жұмған.
Алдын ала мәліметтер бойынша 28 жастағы Mercedes жүргізушісі «Алматы — Көкпек — Көктал» тас жолының 69 шақырымында қарсы қозғалыс жолағына шығып, Subaru көлігімен жанамалы соқтығысуға жол берген. Одан әрі басқарудан айырылып, жол жиегіндегі ағашқа соғылған.
«Оқиға орнында Mercedes көлігінде болған 6 адам қаза тапты, олардың 4-уі кәмелетке толмағандар. Әр түрлі жарақаттармен зардап шеккен тағы 4 адам жақын маңдағы ауруханаға жатқызылды. Айта кету керек, 1992 жылы шыққан Mercedes-те 10 адам болған, оның 7-уі кәмелетке толмағандар», — дейді облыстық ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері барлық мән-жайларды анықтап жатыр. Факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.