««Тойота-Каролла» маркалы автокөліктің 29 жастағы жүргізушісі «Алматы-Астана» автожолының 225 км-де қозғалып келе жатып, қарсы жолаққа шығып кетіп , «Тойота-Камри» маркалы автокөлікпен соқтығысқан», — деп жазды облыстық ПД баспасөз қызметі.
Апат салдарынан екі жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында қаза тапты.
Дерек ҚР ҚК 345-бабы бойынша Жамбыл ауданы ПБ-да тіркелді. Қажетті сараптамалық тексерулерді тағайындау мен тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Полиция департаменті мамандары тұрғындардан жолда ереже сақтап жүруді сұрайды.