Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін сағат 08:00 шамасында Audi 100 автокөлігінің жүргізушісі, Ұйғыр ауданының 43 жастағы тұрғыны «Алматы – Көкпек – Көктал» автожолының 196-шақырымында қарсы қозғалыс жолағына шығып, 1964 жылғы азаматтың басқаруындағы Audi С4 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Жол апатынан Audi 100 жүргізушісі мен оның 3 жолаушысы, сондай-ақ Audi С4 жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.
Әртүрлі дене жарақаттары бар төрт жолаушы Шонжы ауылында орналасқан Орталық аудандық ауруханаға жатқызылды.
Аталған дерек ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша Еңбекшіқазақ ауданының СДТБТ-да тіркелді. Қазір қажетті сараптамалық зерттеулерді тағайындаумен тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.