ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Алматы облысы Қарасай ауданында салмағы 200 келі жылқы жертөлеге құлап кеткен.
Жедел топ бұны назардан тыс қалдырмай, бірден оқиға орнына аттанды. Альпинистік құралдарды пайдаланып, олар жануарды алып шықты.
Жылқы зардап шеккен жоқ.