«Nissan Cefiro автокөлігі тасжолдың бойымен батыс бағытта шеткі сол жақ жолақпен келе жатқан. Кенеттен жол ортасындағы аллеядан, бұталар арасынан жүгіріп шыққан ер адам жолға қарай секірді. Алайда тежегішті басып үлгермеген Nissan жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жүргінші қатты екпіннен жол жиегіне ұшып кеткенде ғана жүргізуші тоқтай алған», – делінген хабарламада.
Жол апаты салдарынан ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Жеке құжаты болмағандықтан, полиция қызметкерлері оның кім екенін анықтап жатыр.
Оқиға орнында жұмыс істеп жатқан тергеушілер барлық мән-жайын анықтауға кірісті. Тиісті сараптамалар тағайындалды.