«3 желтоқсан күні Талғар ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР ҚК-нің кәмелетке толмаған баланы зорлау фактісі бойынша бұрын сотты болған 19 жастағы күдіктіні ұстады. Ол ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабының тәртібімен уақытша ұстау изоляторына қамалды», — делінген облыстық ПД баспасөз қызметі ақпаратында.
Ресми мәліметке сүйенсек, күдікті желтоқсанның 5 күні сағат 13:55 шамасында УҰИ-да асылып қалған. Қайтыс болу фактісі ҚР ҚК-ның 105-бабы 1-бөлігі бойынша Талғар ауданының полиция бөлімінде тіркелді.
Қазіргі уақытта барлық қажетті сараптамалық зерттеулер тағайындалды және тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, өзге ақпарат жариялауға жатпайды.