Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 11:30-да сөндірілді.
«Каз Билдинг-Сервис» ЖШС аумағында электр қалқандарын шығаратын цехта, орамадағы мыс электр кабельдері мен өндірістік жабдықтар өртенді, өрт 290 шаршы метр аумақты шарпыды», – деп мәлімдеді .
Өрттің шығу себебін Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің Өртке қарсы ғылыми-зерттеу зертханасының және Тергеу басқармасының қызметкерлері анықтайды.