Бюро мәліметінше, Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел тұрады. Бұл – ел халқының едәуір бөлігін құрайды.
Статистикаға сәйкес, әйелдердің жас ерекшелігі бойынша үлесі мынадай:
0–15 жас – 29,1%
16–60 жас – 55,5%
61 жастан жоғары – 15,4%
Сарапшылардың дерегінше, Қазақстандағы әйелдердің орташа жасы – 34,1 жас, ал өмір сүру ұзақтығы – 79,4 жыл.
Аймақтар бойынша әйелдердің ең көп саны ірі қалалар мен халық тығыз орналасқан өңірлерде тіркелген:
Алматы – 1,2 млн әйел
Түркістан облысы – 1 млн әйел
Астана – 803,5 мың әйел
Алматы облысы – 778,5 мың әйел
Қазақстанда жұмыспен қамтылған халық арасында әйелдердің үлесі 48%, яғни 4,4 миллион әйел еңбек етеді.
Жалдамалы жұмысшылар арасындағы үлесі – 50%
Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар арасындағы үлесі – 45%
Жұмыс істейтін әйелдердің басым бөлігі келесі салаларда еңбек етеді:
Білім беру – 20%
Сауда – 19%
Денсаулық сақтау – 10%
Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлер арасында әйелдердің үлесі 50,8%-ды құрайды.
Статистикаға сәйкес, еңбек нарығында 35–44 жас аралығындағы әйелдер ең белсенді. Бұл санатта 1,3 миллион әйел жұмыс істейді.





