Жер сілкінісі 4 желтоқсанда елорда уақытымен сағат 16:08-де тіркелген. Оны Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-нің сейсмикалық
стансалар желісі тіркеді.
«Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан шығысқа қарай 116 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты — 7.3. MPV тербелісі — 3.8 Тереңдігі — 10 шақырым. Салдарынан Саты ауылында 2 балдық жерасты дүмпуі сезілді», — делінген «СТӘК» ЖШС сейсмикалық стансалар желісінің хабарламасында.