Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше таңғы сағат 8-де «112» пультіне жедел медициналық жәрдем станциясының кезекші диспетчерінен жедел жәрдем бригадасының екі адам уланған мекенжайға барғаны туралы ақпарат келіп түскен.
Анықталғандай, жылыту пешінің мұржасы тартылмағандықтан, 1961 жылы туған ер-азамат және 1967 жылы туған әйел улы газдан уланған. Олар Семей қаласының «Бүйрек орталығының мекемесі» токсикология бөліміне жатқызылды. Жағдайлары орташа. Абай облысы ТЖД құтқарушыларының көмегіне мұқтаж болмай шықты.